Ішімдікке сылқия тойған министр жол-көлік оқиғасы орнынан ізін суытты
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Алтай Республикасының Денсаулық сақтау министрі Игорь Яимов жол апатына түсіп, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды «Газета.Ru» сайтынан.
БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, министр «Медавтотрансқа» тиесілі Mitsubishi Pajero көлігін мас күйінде басқарған. Мәліметтер бойынша, ол арақашықтық қауіпсіздігін сақтамауы салдарынан Toyota Corollа көлігімен соқтығысып, оқиға орнынан ізін жасырған.
Денсаулық сақтау министрі И. Яимовке қатысты екі хаттама толтырылды - мас күйін анықтауға қатысты медициналық тексерістен өтуге қарсылық білдіргені үшін және оқиға орнынан ізін суытқаны үшін.