Ішімдікке тойған прапорщик 24 солдатты соққыға жықты

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Таш-Құмыр қаласында ішімдікке сылқия тойып алған прапорщик 24 солдатты соққыға жықты. Бұл туралы «Кабар» агенттігі Азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық орталыққа (ААҰО) сілтеме жасап хабарлады.

Ішімдікке тойған прапорщик 24 солдатты соққыға жықты

Мәлім етілгендей, ААҰО-ға Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімінде 24 сарбаз соққыға жығылғаны туралы ақпарат түскен.

«Бізге ақпарат түскеннен кейін, мән-жайды анықтау үшін өкілімізді жібердік. Солдаттардың сөзінен белгілі болғандай, 10 маусым күні таңғы сағат 5-те ішімдікке тойып алған прапорщик кіріп келіп, сарбаздарға әлімжеттік көрсете бастаған - денелерін жерге тигізіп, көтерткен, жатқызып қойып ұрған, соққылар жасаған», - деді орталық директоры Нурдин Сулайманов.

9 әскери қызметшінің иегінің асты жыртылған. Олардың кейбіріне тігістер салу қажет болған.   

Прапорщик 48 сағатқа қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның тергеп-тексерілуін Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрі өз бақылауына алды.