Ішімдіктің кесірінен туған бауырын жер жастандырған алматылық сотталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ішімдіктің кесірінен туған бауырын жер жастандырған алматылық сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс материалдарына сәйкес, Е.Әбішев көршісінің үйінде арақ ішкен.
Жолда өзінің туған бауырын жолықтырады. Кейін інісімен ұрысып, оған күш көрсете бастайды. Салдарынан М.Әбішев оқиға орнында қаза болған.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады.
№2 Медеу аудандық сотының үкімімен Е.Әбішев ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлімімен айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айрылды.