15:07, 19 Наурыз 2014 | GMT +5
Ішінде 2 млн. рублі бар сөмке ұрланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде ішінде 2 млн. рублі бар әйел сөмкесі қолды болды. Бұл туралы Мәскеу полициясының баспасөз қызметінен мәлім етілді.
«Кеше полицияға әйел адамнан хабарлама түскен. Онда ол 23.00 кезінде қаладағы дүкендердің бірінің жанында белгісіз біреу оның автокөлігінің оң жақтағы алдыңғы терезесін сындырып, салоннан сөмкесі мен ұялы телефонын, ақшасын ұрлап кеткенін айтқан», - деді баспасөз қызметіндегілер.