Ішінде 22 адамы бар аттракцион 40 метр биіктікте тоқтап қалды
АСТАНА.ҚазАқпарат - Испанияда ішінде 22 адамы бар аттракцион 40 метр биіктікте тоқтап қалды. Оқиға Баракальдо қаласында болған, деп жазады шетелдік БАҚ.
Көмекке келген өрт сөндірушілер қозғалмалы баспалдақтар арқылы адамдарды төменге түсірген.
Испан басылымының жазуынша, аттракционның биіктігі 50 метрді құрайды. Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа аттракционның механикалық бөлігінің бұзылуы себеп болуы мүмкін.