Ішінде балық салынған контейнерді ашпақ болған аюды атып салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аңшылар орманнан Иркутск облысындағы Братск қаласының «Русь» көтерме базасының аумағында бір аюды атып өлтірді, деп хабарлады сейсенбі күні «Интерфакс» агенттігіне құқық қорғау органдарындағы дереккөзі.
«Аңшылар аюды бірінші рет жексенбіге қараған түні байқап қалған. Ол ішінде балық салынған контейнерді ашпақ болып, әрекеттенген», - деді ол.
Жабайы жануар келесі күні контейнерге жақындағанда, оны күзет қызметі шақырған жергілікті аңшылар күтіп тұрған.