Ішкі әскер комитеті елордалық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап жаңажылдық қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

АСТАНА.   Желтоқсанның   23-і.  ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі  Ішкі  әскерінің  қолбасшысы генерал-майор   Руслан  Жақсылықов  елордалық балалар үйлерінің  тәрбиеленушілеріне арнап      қайырымдылық шарасын -  жаңажылдық ертеңгілік ұйымдастырды,  
None
None

деп хабарлады    ведомствоның баспасөз   қызметінен.

Сәрсенбі  күні Ішкі әскер комитетінің   залында 140-тан  астам    бала   жиналды.  Генерал-майор   Руслан Жақсылықов     жиналған  қауымды    келе жатқан  жаңа жылмен    құттықтады.  Одан кейін    бүлдіршіндердің  назарына Оқушылар сарайының  театр  студиясы    қойған ойын-сауық  бағдарламасы   ұсынылды.

«Ата-ана қамқорынсыз  қалған   балалар мемлекеттің     қамқорын  сезінулері керек. Жаңа    жыл -  балалар  ертегіге,   Аяз  Ата мен  Қарша Қызға,   өмірлерінде   міндетті түрде  орын  алатын   ғажайыпқа   сенетін    жалғыз  ғана мереке.     Және біз де     олардың  өмірлеріне    қолымыздан келгенше  сенім мен  жылу    сыйлауға  тырысып отырмыз»,  дейді     тәрбие  және  әлеуметтік-құқықтық жұмыс  басқармасының бастығы  полковник Мұхамедқали Сәтов.

Соңғы жаңалықтар