Ішкі әскер жауынгерлері сегіз адамды өрттен құтқарды - БҚО
ОРАЛ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Орал қаласында 5517-әскери бөлім жауынгерлері тоғыз қабатты үйлердің бірінде болған өрттен сегіз адамды (оның үшеуі - бала) құтқарды.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 11 қаңтар күні 22 сағат 15 минут шамасында 6-шағынауданда құрамында кіші сержант Серік Сәлиев, қатардағы жауынгер Әділхан Чекманов бас әскери топқа №68 тұрғын үйде тұратын әйел 63-пәтерден түтін шығып жатқанын хабарлайды. Сол бойда олар болған оқиғаны кезекшіге хабарлап, өздері оқиға орнынан сегіз адамды жедел алып шығады. Содан кейін есікті бұзып кірген әскерилер төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірге диванда ұйықтап жатқан М.Мерғалиевті шығарады. Оған жедел жәрдем келгенше алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Сосын өрт сөндірушілер келгенше өртті де сөндіреді.
Өз міндеттерін үлгілі орындағаны және батылдығы үшін аталған жауынгерлер марапатқа ұсынылды.