Ішкі әскер жылдың қорытындысын шығарды - ІІМ
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Александр Кулиничтың,
Бас әскери прокуратура мен Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдерінің қатысуымен ІІМ Ішкі әскерінің әскери кеңесі өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қолбасшылық өкілдері, Ішкі әскер комитетінің басқарма және бөлім басшылары, бөлімдер мен құрылымдардың командирлері, Әскери институттың басшысы мен оның орынбасарлары, әскери полиция басшылары қатысқан қорытынды жиналыста құрылымдардың, әскери институт пен әскери бөлімдердің 2010 жылғы жұмыстарының қорытындысы шығарылды, Ішкі әскер комитетінің қолбасшысы генерал-майор Руслан Жақсылықов негізгі баяндама жасады.