Ішкі әскерлер комитеті Конституция күніне арналған кең көлемді іс-шара өткізуде
АСТАНА. Тамыздың 22-сі. ҚазАқпарат - Конституция күнінің құрметіне өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде «Конституцияға адалмыз» деген атаумен кең көлемді шара басталды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Бұл шараның басты мақсаты - аймақ тұрғындары мен әскери қызметкерлеріне Ата заңның қабылдануының тарихи маңызын, Конституцияның еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы негізгі ролін, егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ролін таныстыру болып табылады.
Осындай маңызды миссиямен Комитеттің ақпараттық-насихаттаушы «десанты» тамыздың 21-і күні Павлодар облысына барды. Ақпараттық топтың жұмысы Курчатов, Семей, Өскемен, Шемонаиха, Петропавл қалаларында жалғасады. Ол жерлерде Ұлы Отан соғысы мен ішкі әскер ардагерлерімен кездесулер болады, балалар үйлері мен интернаттарда Ішкі істер министрлігі мен ішкі әскер қолбасшылығының атынан балаларға сыйлықтар табыс етіледі. Шара аясында басқа да іс-шаралар жоспарланған.