Ішкі әуе рейстерінің жандануы: ПТР тест анықтамасы жоқ 13 жолаушы жолдан қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан Нұр-Сұлтанға және кері бағытта ұшқысы келген кейбір жолаушыларды ұшаққа отырғызылмады. Себебі қолдарында коронавирусқа өткізген тест нәтижелері туралы анықтамалары болмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

1 мамырда, екі қала арасындағы әуе рейсі ашылды. Оны Air Astana, QAZAQ AIR, Scat әуе компаниялары орындады.

SCAT әуе компаниясының мәліметінше, алғашқы рейсте 119 жолаушы болды.

«Белгіленген кестеге сәйкес, Алматыдан бас қалаға күн сайын таңғы сағат 9.55-те, Нұр-Сұлтаннан оңтүстік астанаға күн сайын, түскі сағат 12:40-та ұшатын болады. Алдағы уақытта компания жиілік санын көбейтуді жоспарлап отыр», - деп хабарлады SCAT әуекомпаниясы.

Сонымен қатар, компания Алматы—Нұр-Сұлтан бағыты бойынша 6 жолаушының ұшпай қалғанын мәлім етті. Олардың қолдарында ПТР тест анықтамасы болмаған.

Дәл осындай жағдайлар «Эйр Астана» жолаушыларының арасында да кездесті.

«Нұр-Сұлтанда бір жолаушының, Алматыда 6 жолаушының коронавирусқа тапсырған тест анықтамасы болмады», - деп хабарлады «Эйр Астана» АҚ баспасөз қызметі.

1 мамырдан бастап Астана мен Нұр-Сұлтан арасындағы жоспарланған рейстер күніне 3 рет таңертең, түстен кейін және кешке Airbus 320/321 және Embraer E190-E2 ұшақтарымен орындалады.

Төтенше жағдайдан кейін «Эйр Астана» компаниясы, оның ішінде FlyArystan, басқа ішкі бағыттарға рейстерді қалпына келтіреді.

«Барлық талаптарды орындау үшін жолаушылар әуежайға 2 сағат бұрын келуі керек. Салонда ерекше қашықтықты сақтап отырғызу ережесі сақталады. Тамақ бір реттік ыдыспен беріледі. Сондай-ақ, жолаушылар маска тағып отырады»,– деп атап өтті Эйр Астанадан.

Қалалар арасындағы алғашқы рейстің сәтті аяқталғанын QAZAQ AIR әуе компаниясы да хабарлады. Жолаушыларды тіркеу, отырғызу және ұшу кезінде бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің барлық талаптары сақталды. Авиакомпания қызметкерлері медициналық тексеруден өтті. Борт серіктері жолаушылар арасындағы қауіпсіз қашықтықты бақылауды қамтамасыз етті.

Еске сала кетсек, 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастары қайта жанданады.


Соңғы жаңалықтар