Ішкі істер министрі халық қалаулыларын құқық қорғау саласында орын алып отырған мәселелерден хабардар етті

Осыған орай қазір көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтер ішкі істер құрамында. Алайда бұл мәселеге қатысты қазір шешімін күтіп отырған бір проблема бар. Ол жергілікті жерлерде тіркеу мен құжаттандыру жөніндегі бөлімшелерді құру болып отыр. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысында ішкі істер саласының өткен жылы атқарған істері жөнінде баяндағн Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов айтты.
Оның сөзіне қарағанда, қазір ішкі істер саласында шешілмеген мәселелер әлі жеткілікті. «Нақтырақ айтқанда, біз әлі Әділет министрлігінен штат бірліктерін толық алған жоқпыз. Осыған
қарай еліміздің көптеген аймақтарында қажетті бөлімшерлердің қызметі жолға қойылған жоқ. Сонымен қатар, біз құжаттарға қатысты өндіріс жұмыстарын да талапқа сай атқара алмай отырмыз. Астана мен Алматы қаласында орналасқан екі мемлекеттік қазыналық кәсіпорын шектен тыс жұмыс атқаруда. Сондықтан алдағы уақытта біз Шымкент пен Ақтөбе қаласында аталған кәсіпорындардың тағы 2 филиалын ашу мәселесін қолға алғалы отырмыз. Олар еліміздің оңтүстік және батыс өңірлеріне жедел түрде құжаттандыру мәселесін шешуге ықпал етеді»,- деді министр.
Оның сөзінше, аталмыш кәсіпорындардың жұмысын жолға қоюға 1,9 миллиард теңге қажет.