14:30, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Ішкі істер министрі Интерполдың Бас директоры Рональд Ноублмен кездесті
АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов Интерполдың Бас директоры Рональд Ноублмен кездесті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. «Онда Ішкі істер министрлігінің 2012 жылы Астанада Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердегі Интерполдың Ұлттық орталық бюроларының аймақтық конференциясын өткізу мәселесін қарайтындығы айтылды», деді департамент бастығы.