Ішкі істер министрі құқық қорғау саласындағы жұмыстарға белсенді атсалысқаны үшін бірқатар журналистерді арнайы медальмен марапаттады
АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ішкі істер министрі Серік Баймағамбетовтың бұйрығымен құқық тәртібін қамтамасыз ету мен қылмыспен күреске және есірткі саудасының алдын алу ісіне үлес қосқандары үшін еліміздің бірқатар ақпарат құралдарының өкілдері арнайы медальмен марапатталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Минстрдің бұйрығы негізінде «Құқық тәртібін қамтамасыз етудегі үздік қызметі үшін» медалімен «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы Бас директорының орынбасары Айдос Үкібай мен «Рахат ТВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының орынбасары Святослав Тарасов, «КТК» акционерлік қоғамының құқықтық бағдарламаларының шеф-редакторы Валерий Тараканов және «Литер» газетінің тілшісі Александра Алехова мен «Время» басылымының тілшісі Галина Выборнова марапатталды.