Ішкі істер министрінің орынбасарлары мен орталық аппарат 28 мамырда аттестаттаудан өтеді

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - 28 мамыр күні кесте бойынша ішкі істер органдарының 75 қызметкері,

Ішкі істер министрінің орынбасарлары мен орталық аппарат 28 мамырда аттестаттаудан өтеді

соның ішінде министрдің орынбасарлары, ІІМ орталық аппараты қызметтерінің және ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері мен қылмыстық-атқару жүйесінің басшылары аттестаттаудан өтеді. Бұл туралы бүгін ІІМ өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, кезектен тыс аттестаттау кестесіне сәйкес, биылғы жылдың 21 мамырында ішкі істер органдарының басшылық құрамынан 23 қызметкер, оның ішінде 2-еуі - Орталық аппараттың, 8-і - ІІД басшыларының орынбасарлары, 1-еуі - қылмыстық атқару жүйесі департаментінің және 12-сі - облыстардағы ҚАЖД басшыларының орынбасарлары ҚР заңнамасы білімі бойынша компьютерлік тестілеуден өтті. 22 мамырда олар оқ ату және дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырды. 23 мамыр күні Медициналық академияда олардың психологиялық тұрақтылығын тексеру үшін әңгімелесу жүргізілмек.

«Жоғарғы аттестаттау комиссиясының мүшелерімен болатын әңгімелесу биылғы жылдың 25-28 мамыр аралығында өтпек», - деп түйіндеді сөзін Н. Ораз.