Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Әубәкіров бүгін ведомство сайтында интернет-оқырмандардың сауалдарына жауап береді
АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Бүгін, қаңтардың 29-ы күні сағат 17.00 мен 18.00-дің аралығында Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Әубәкіров ведомство сайтында (www.mvd.kz) 2010-2011 оқу жылдарында
ведомствоның оқу мекемелеріне оқушыларды іріктеу және қабылдау мәселелеріне қатысты интернет-оқырмандардың сауалдарына жауап береді. Сауалдар сайттың «Конференция» бөліміндегі «Талапкер» айдарында қабылданады.