Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына генерал-майор Амантай Күреңбеков тағайындалды
АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұйғарымымен Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына генерал-майор Амантай Күреңбеков тағайындалды.
Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Амантай Жәңкеұлы КСРО, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел қызметтерінде жұмыс істеді. ҚР Президенті Күзет қызметінің басшылық лауазымдарында қызмет етті. Соңғы уақытта Президенттің Күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымында болды», деді Қ. Жұманов.