13:57, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Ішкі істер министрлігі ел аумағындағы барлық қару-жарақ дүкендерін қатаң бақылауға алды
ТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Ішкі істер министрлігі ел аумағындағы барлық қару-жарақ дүкендерін қатаң бақылауға алды.
Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Қару сататын барлық дүкендер ішкі істер органдарының бақылауында. Республика аумағында жалпы 97 қару-жарақ сататын дүкен бар», - деді ол.
Оның атап өтуінше, қазіргі күні ҚР Ішкі істер министрлігі қару-жарақ сататын барлық дүкендердің басшыларымен және оларға қызмет көрсететін қауіпсіздік фирмаларымен профилактикалық шаралар жүргізуде.
«Олар техникалық және дабыл қағу шараларын күшейтуі қажет. Біз қауіпсіздікті күшейту мақсатында барлық шараларды қолға алып жатырмыз», - деді ресми өкіл.