Ішкі істер министрлігі елорданы қауіпсіз қалаға айналдыру мақсатында тиісті шаралар дайындады ? апталық брифинг

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Елбасы Ішкі істер министрлігіне Астананы еліміздің ең қауіпсіз қаласына айналдыруды тапсырды», -

Ішкі істер министрлігі елорданы қауіпсіз қалаға айналдыру мақсатында тиісті шаралар дайындады ? апталық брифинг
деді бүгін Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Ернұр Уәли. Бұл туралы ол бүгін журналистермен болған апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, өткен аптада Мемлекет басшысы Астана қаласының даму мәселелеріне байланысты арнайы кеңес өткізіп, онда Президент ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтау, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейту, қаладағы ескі автокөліктерді пайдалануды тәртіпке келтіру, сондай-ақ оларды тиісті техникалық тексеруден өткізу мәселелерін реттеу жөнінде бірқатар тапсырмалар берген. «Елбасы Ішкі істер министрлігі өкілдеріне Астананы еліміздегі ең қауіпсіз қалаға айналдыруды тапсырды. Осыған орай министрлік тарапынан Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау үшін бірқатар ұйымдастырушылық іс-шаралар кешені белгіленді. Олардың іске асырылу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауында болады», - деді департамент бастығының орынбасары.