Ішкі істер министрлігі мамырдың 1-інен бастап «Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіз» атты кезеңдік шараны бастады

АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтардың алдын алу мен осы бағыттағы жұмыстар бойынша тұрғындармен байланысты жетілдіру мақсатында мамырдың 1-інен бастап «Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіз» атты кезеңдік шара ұйымдастыруда,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұмановтың айтуынша, аталмыш шараның алғашқы кезеңінде Ішкі істер департаменті басшылары мен қалалық және аудандық полиция бөлімі жетекшілерінің кездесетін орындары анықталады. Екінші кезеңде құқық бұзушыларды анықтау мен тұрғындардың полиция басшыларымен кездесетін орындардың орналасқан жерлерінен хабардар ету мақсатында тәртіп сақшылары тұрғын үйлерді аралайды. Ал маусымның 6-нан бастап, полиция басшыларының тұрғындармен кездесулері өтеді. Онда елдегі проблемалы шағын аудандар мен әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықпен байланысты жағдайлар тұрғындармен бірге талқыланып, ондағы жағдай жан-жақты зерттеліп-зерделенетін болады.

Соңғы жаңалықтар