Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік қызметінің жаңа бастығы тағайындалды

АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ішкі істер министрлігінде бірқатар кадрлық тағайындау болды,

Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік қызметінің жаңа бастығы тағайындалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұмановтың айтуынша, Ішкі істер министрінің бұйрығымен министрліктің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы қызметіне Анатолий Выборов тағайындалды. Полиция генерал-майоры А.Выборов ішкі істер органдарындағы қызметін 1979 жылы бастаған. Алғашында қылмыстық іздестіру қызметінде жедел уәкіл ретінде қызмет еткен ол Қылмыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, Алматы қалалық Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары және бастығы, Есірткі бизнесімен күрес комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Соңғы уақытта Ішкі істер министрлігінің Қырғыз Республикасындағы өкілі қызметін атқарған.