Ішкі істер министрлігі учаскелік полиция қызметкерлерінің санын арттырды

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Биылғы жылдан бастап, Үкіметтің арнайы қаулысы негізінде және жергілікті әкімшіліктердің ұсынысымен еліміздегі учаскелік полиция қызметкерлерінің саны 213 бірлікке көбейді.
None
None
Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің Ақпарат және тіл саясаты департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов журналистермен болған апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Республикада мектеп инспекторларының саны да 226-ға көбейген. «Осылайша, қазір елде учаскелік полиция қызметкерлерінің штаттағы саны 5 мың 856 бірлікке жетті. Олардың арасындағы 2 мың 780-і қалалық инспекторлар да қалған 3 мыңға жуығы ауылдық аймақтардікі. Бұл инспекторлардың көмекшілері де бар. Олардың саны - 1 мың 342. Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес стандарттар бойынша, бір учаскелік инспектор қызмет етуі тиіс тұрғындардың саны қалалық жерде 3 мыңнан, ал ауылдық аумақтарда 2 мыңнан аспауы тиіс», - дейді департамент бастығы. Оның мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда ішкі істер саласының есебінде 250 мыңнан астам азамат тұрады. «Бұлар нағыз учаскелік инспекторлар айналысуы тиіс азаматтар. Олардың 40 мыңы бұрын сотталған болса, 126 мыңы спиртті ішімдіктерді шектен тыс көп пайдаланатындар. 28 мыңы - нашақорлар, ал 34 мыңы - отбасында жанжал шығаруға бейімділер», - деді Б.Қожахметов.
Соңғы жаңалықтар