13:30, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Ішкі істер министрлігінде Қазақстан және Германия сарапшыларының кезекті кеңесі өтті
АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасы және Германия Федеративті Республикасы делегациялары арасында сарапшылардың кезекті консультациясы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Молдияр Оразалиев, Германия делегациясын министрлік деңгейіндегі директор, ГФР Ішкі істер федералды министрлігі Көші-қон, интеграция, босқындар және еуропалық үйлесімділік мәселелері бойынша департамент бастығы, доктор Герольд Ленгут басқарды. Кездесуге екі жақтың сыртқы істер министрліктерінің, Қазақстан Республикасының ГФР-дегі Елшілігі және ГФР-дің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері қатысты.Кеңес барысында тараптар Реадмиссия туралы үкіметаралық келісім жобалары бойынша, атап айтқанда азаматтардың жол жүрулеріне жеңілдік және қос азаматтық фактілерін болдырмауға байланысты бірқатар келісімдерге қол жеткізді.