19:14, 17 Тамыз 2010 | GMT +5
Ішкі істер министрлігінде Көші-қон комитеті құрылатын болады - Елбасы
АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігінде Көші-қон комитеті құрылатын болады. Бұл туралы Бүгін Ақордада құқық қорғау органдарын реформалау мәселесіне байланысты өткен мәжілісте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Үкіметке Ішкі істер министрлігінен Көші-қон комитетін құру қажет. Өз кезегінде аталмыш шара елдегі көші-қон үдерістерінің мемлекеттік реттеу тиімділігін арттырып, көші-қон ағымын бақылауды күшейтеді», деді Н.Назарбаев.