16:46, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Ішкі істер министрлігінде құқық қорғау саласы мен ақпарат құралдары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған шаралар өтті
АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Ішкі істер министрлігінде «Солтүстік Қазақстан құқықтық медиа орталығы» қоғамдық қорының өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы орталығымен бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары мен ақпарат құралдарының бірлесіп қызмет ету тиімділігін қалыптастыру»
атты жоба аясында бірқатар шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш шаралар құқық қорғау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланыстарды нығайтып, олардың өзара жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған. Шараға құқық қорғау және заң саласының мамандары мен ақпарат құралдарының өкілдері және
облыстық Ішкі істер департаменттерінің баспасөз қызметінің мамандары қатысты. Жоба аясында бүгін түске дейін ресейлік «Адам және заң» құқықтық ақпарат агенттігінің директоры Борис Пантелеев журналистерге арнап тренинг өткізсе, Қазақстан Журналистер одағының заңгері Тамара Симахина құқық қорғау саласының баспасөз қызметі өкілдерімен ақыл-кеңестерімен бөлісті. Ал бүгін түстен кейін осы тренингтер барысында айтылған ұсыныс, пікірлерді қорытындылау мақсатында дөңгелек үстел отырысы өтті.