Ішкі істер министрлігінде жаңа кадрлық тағайындау болды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне министрдің бұйрығымен Александр Кулинич тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Министрліктің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.Полиция генерал-майоры А.Кулинич ішкі істер органдарында 1984 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол Ақмола облыстық Астарахань аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарып, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік тергеу комитетінде біраз жылдар жұмыс істеген. Сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық полиция департаментінде басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ ол Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары, Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, ҚР Ішкі істер министрлігінің Қырғыз Республикасындағы өкілетті өкілі қызметтерін атқарған. «Оның соңғы қызметі Ішкі істер министрінің кеңесшісі болды.
Соңғы жаңалықтар