Ішкі істер министрлігінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысы қызметіне полиция полковнигі Әсет Ақанов тағайындалды.



Ішкі істер министрлігінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, Ә.Ақанов ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылдан бастаған. Ол Кеңес Одағы тұсындағы Ішкі істер министрлігінің Қарағандыдағы жоғары мектебін бітірген. Басшылық қызметтегі тәжірибесі де жеткілікті. 1995 жылдан бастап, төрт жылдан астам уақыт Ақмола облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарса, 1999 жылы Ішкі істер министрлігінің Кадрлық жұмыс департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалған. Ал 2003 жылдан бері Ішкі істер министрлігінің Орталық аппаратында әртүрлі басшылық қызметтерді атқарып келеді.