Ішкі істер министрлігіне қарасты кәсіпорын басшысы парамен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жемқорлықпен күрес қызметкерлері ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты кәсіпорын басшысын парамен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігіне қарасты кәсіпорын басшысы парамен ұсталды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқғындағы «Еңбек-Қызылжар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын филиалында жемқорлық фактісінің жолын кесті.

«2022 жылғы 23 тамызда мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша сотталғандар үшін азық-түлікті қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін осы мекеменің басшысы жеке кәсіпкерден пара алған кезде ұсталды. Күдікті Петропавл қаласының УҰИ-не қамалды»,-делінген хабарламада.

Кінәнің толық танылуын және сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүргізу туралы келіп түскен өтінішхатты ескере отырып, тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Кінәлілік дәрежесін сот анықтайды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.