Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаменті қызмет көрсету аймағында өткен тәулікте 17 қылмыс тіркелді
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - «Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаменті қызмет көрсету аймағында өткен тәулікте 17 қылмыс тіркелді», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Аталған қылмыстардың 12-сі криминалдық желі бойынша жасалып, оның 10-ның ізі суымай ашылған. 20 ақпан күні сағат 13-00-дер шамасында «Меркі-Чалдовар» өткелінің 3 667-ші шақырымында Чалдовар стансасы желілік полиция бекетінің қызметкерлері «Допинг» жедел алдын алу шарасын ұйымдастыру кезінде 1982 жылы туылған П. есімді азаматты ұстады. Одан салмағы 1 келі 300 грам болатын кептірілген марихуана табылды.