Ішкі істер министрлігінің нашақорлықпен күрес шараларына арналған интернет- конференциясы басталды

АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 26 маусым - Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналымымен күрес күні. Осыған орай Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері бойынша интернет -конференция басталды.

 Ішкі істер министрлігінің нашақорлықпен күрес шараларына арналған интернет- конференциясы басталды
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, конференция барысында көпшіліктің сауалдарына Ішкі істер вице-министрі Қалмұхамбет Қасымов жауап береді. Конференция маусымның 23-іне дейін жалғасады.