Ішкі істер министрлігінің сайтында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелеріне арналған интернет-конференция өтеді
АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат – Маусымның 15-і мен 23-і аралығында Ішкі істер министрлігінің сайтында (www.iim.kz және www.mvd.kz) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, есірткі қылмыстары үшін жауапкершілікті күшейту мәселелеріне арналған интернет-конференция өтеді.
Жұртшылықтың сауалдарынан Ішкі істер вице-министрі Қалмұханбет Нұрмханұлы Қасымов жауап береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сауалдар ведомство сайтының «Конференция» айдарында маусымның 15-і мен 23-і аралығында қабылданады, ал вице-министрдің жауаптары маусымның 26-сы күні шығады.