Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің төрағасы Ө. Түсімов қызметінен босады

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов қызметінен босады,

 Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің төрағасы Ө. Түсімов қызметінен босады
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрліктің Тіл саясаты және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Ернұр Уәлидің айтуынша, комитет төрағасы қазіргі атқарып жатқан қызметінен босату жөнінде өз еркімен басшылыққа арыз берген. «Қазір Ө.Түсімов Ішкі істер министрлігінің резервінде тұр. Ал оның қызметінен кетуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз», - дейді Е.Уәли.