Ішкі істер органдары елордада құықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуі тиіс ? С.Баймағанбетов
АСТАНА. Сәуірдің 27-і. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов Елбасының сәуірдің 23-інде Астана қаласын дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша астаналық полицияның басшы құрамымен жұмыс кеңесін өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.С.Баймағанбетовтің атап өткеніндей, ішкі істер органдары елордадағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлуі тиіс және Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, Астананы елдегі ең қауіпсіз қалаға айналдыру қажет. Кеңесте көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы азаматтардың шағымдары мен арыздарына жедел үн қату, ұйымдасқан қылмысқа қарсы тұру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қонға бақылауды күшейту, полицияның учаскелік инспекторларының жұмысын жетілдіру мәселелеріне айрықша назар аударылды. Кеңестің қорытындысында елорда ішкі істер органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастыру-практикалық шаралар кешені белгіленді.