Ішкі істер органдарында жыл басынан бері тіркелген қылмыстар саны 11,7 пайызға төмендеді ? апталық брифинг

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Еліміздегі жедел жағдай тұрақты. Ішкі істер органдарында тіркелген қылмыстардың жалпы саны 11,7 пайызға төмендеді»,
None
None
деді бүгін Ішкі істер министрлігі Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов. Бұл туралы ол бүгін журналистермен болған дәстүрлі апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның мәліметтері бойынша, кісі өлтіру, денеге ауыр жарақат салу, зорлау, қарақшылық шабуыл, тонау және ұрлық сияқты өзге де бірқатар қылмыс түрлері азайған. Сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстар, жасөспірімдер, бұрын сотталғандар тарапынан жасалатын қылмыстар да айтарлықтай кеміген. «Өткен жылдары жасалған 939 қылмыстың барлығы ашылды. Айта кетейік, осы қылмыстардың 18-і кісі өлтіру әрекетіне қатысты болды», - деді департамент бастығы. Оның айтуынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес кешенді түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері қылмыстық әлемнің 20 беделдісі мен 24 белсендісі және қылмыстық топтың 115 мүшесі қылмыстық жауапқа тартылып, олардан 2 автомат, 32 тапанша, 17 шолақ мылтық және 2 граната мен 2 киләдан астам героин, сондай-ақ 1 миллион теңге көлемінде жалған ақша тәркіленген. «Республикада 3 мың 500 есірткімен байланысты қылмыстар анықталса, олардың жартысы есірткіні саудалауға қатысты. Бұған қоса 3,2 тонна есірткілік заттар тәркіленді, оның 51 киләдан астамы - героин», - деді Қ.Жұманов.
Соңғы жаңалықтар