Ішкі істер саласында атқарылып жатқан жұмыстар енді ұдайы жұртшылықтың назарында болады ? апталық брифинг

АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Бұқаралық ақпарат құралдарын жергілікті жерлердегі жасалатын қылмыстар мен олар бойынша жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына қатысты ақпараттармен қамтамасыз етуде шешілмеген мәселелер бар», деп мәлімдеді бүгін Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментің бастығы Қуанышбек Жұманов бүгін журналистермен болған брифингте,

 Ішкі істер саласында атқарылып жатқан жұмыстар енді ұдайы жұртшылықтың назарында болады ? апталық брифинг
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Департамент бастығының сөзіне қарағанда, жақында республикадағы бірқатар басылымдардың тілшілері Ішкі істер министріне ашық хат жолдап, елімізде орын алған құқықбұзушылық фактілері жөнінде үн қатпау, атышулы қылмыстарды тергеу жұмыстары жөнінде ақпарат құралдарына қандай да бір мәліметтер беруден бас тарту әрекеттерінің жалғасып жатқандығын айтқан. «Осыған байланысты Ішкі істер министрі ішкі істер органы қызметкерлеріне ақпарат құралдарын және көпшілікті өздерінің саласы бойынша атқарылып жатқан істер бойынша ұдайы ақпарат беріп отыру жөнінде тиісті тапсырмалар берді. Осы бағыттағы жұмыстардың бірі ретінде министрлік өкілдері жақында Павлодар облысының тілшілерімен және жергілікті ақпарат құралдарының өкілдерімен кездеспек», деді департамент бастығы. Сондай-ақ оның мәліметтеріне қарағанда, Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті жұртшылықтың ішкі істер органына деген сенімін нығайту мақсатында «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, республика бойынша «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізбек. Оның барысында жолдағы тәртіп сақшылары жүргізушілерге құқықтық және консультативтік көмек береді.