14:36, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Ішкі істер вице-министрі бастаған комиссия Атырау облыстық ішкі істер департаментінің қызметін тексеруде ? апталық брифинг
АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Кеше Атырауға облыстық Ішкі істер департаментінің қызметін тексеру мақсатында Ішкі істер вице-министрі Александр Саванков бастаған инспекторлық комиссия аттанды»,
деді Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментің бастығы Қуанышбек Жұманов, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл жоспарлы тексеріс және облыстық полиция қызметінің барлық бағыттарына қатысты болып отыр. Тексерушілер сонымен қатар Ақжар кентінде жасөспірімді өлтіру ісіне қатысты тергеу материалдарын да зерттеп қайтпақ», деді департамент бастығы. Естеріңізге сала кетейік, жақында ақпарат құралдарында Атырау облысына қарасты Ақжар ауылында бір жасөспірімге кісі өліміне қатысты деген күдік келтіріліп, оның әкесі мұнымен келіспейтіндігін білдіріп, баласын қылмыстық жауапкершіліктен босатуды талап етіп өзін-өзі жағып жібергендігі жөнінде ақпарат жарияланған болатын.