Ішкі істер вице-министрі интернет арқылы көпшіліктің сауалдарына жауап береді

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ақпанның 26-сы күні ішкі істер вице-министрі Қалмұханбет Қасымов интернет арқылы тұрғындардың сауалдарына жауап береді.
None
None
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, конференцияда вице-министр Ішкі істер министрлігіне қарасты оқу орындарына іріктеу мен оқуға қабылдау мәселелеріне байланысты тұрғындардың сауалдарына жауап береді. «Онда сонымен қатар ішкі істер органдарын кадрмен қамтамасыз ету жұмыстары да сөз болады», деді департамент бастығы. Конференция Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында 17.00- 18.00-сағат аралығында өтеді.
Соңғы жаңалықтар