Ішкі істер вице-министрінің қатысуымен есірткі қылмыстары үшін жауапкершілікті күшейту мәселелеріне арналған интернет-конференция өткізіледі

АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат –Маусымның 23-не дейін ІІМ-нің (www.iim.kz және www.mvd.kz) сайтында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасауға, есірткі қылмыстары үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты мәселелері бойынша жұртшылық тарапынан сұрақтар қоюға болады.

Ішкі істер вице-министрінің қатысуымен есірткі қылмыстары  үшін жауапкершілікті күшейту мәселелеріне арналған интернет-конференция өткізіледі
Оған Ішкі істер вице-министрі, милиция генерал-майоры Құлмұханбет Қасымов жауап береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетіне сілтеме жасап.Сондай-ақ министрлік сайтындағы қылмыс пен нашақорлыққа қарсы күрестегі, есірткі қылмысы үшін жауапкершіліктің қатаңдатудағы полиция қызметін талқылауға қатысуға болады. Сұрақтарды күнделікті сағат 10.00-ден бастап, маусымның 23-інде сағат 10.00-ге дейін ІІМ сайтының «Конференция» айдарында қабылданады, пайдаланушылардың сұрақтарына Ішкі істер вице-министрінің жауаптары маусымның 26-сында сағат 11.00-де орналастырылады.