Исинбаеваға Риода Ресей құрамасының туын ұстауды ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға қатысуға рұқсат берілмеген Елена Исинбаеваға Ресей құрамасының туын көтеруге ұсыныс жасалды, деп хабарлады ТАСС.
Биіктікке секіру бойынша екі дүркін олимпиада чемпионы Исинбаеваның бапкері Евгений Трофимовтың сөзіне қарағанда, ұсыныс бүгін түнде жасалған. Ол мұны спортшының қабылдайтынына күмәнданады. «Жарысты сырттан тамашалау Елена үшін қиын болады», - деді ол.
Олимпиада Рио-де-Жанейрода 5 және 21 тамыз аралығында өтеді.