Ислам Әбішев Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының президенті болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақ күресінен ұлттық федерациялар өкілдерінің конгресінде Ислам Әбішев Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының президенті болып сайланды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

46 елдің өкілдері қатысқан конгресте Ислам Әбішевтің кандидатурасы бірауыздан мақұлданды.

Айта кету керек, Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясы президенттігінде Ислам Әбішев 5 жылдық мерзімге сайланды.

"Артылған сенімдеріңізге үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Федерацияда қызмет ету және қазақ күресінің әлемдік деңгейде дамуына үлес қосу мен үшін үлкен мәртебе", - деді ол.

Дүниежүзілік федерацияның бұрынғы басшысы Серік Түкиев бірінші вице-президент болып сайланды. Сонымен қатар Нұрлыбек Ермағамбетов Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бас xатшысы болып сайланды.

Еске сала кетейік, 2015 жылы Қазақ күресі ерекше мәртебе алып, UWW (United World Wrestling Күрестің бірлескен әлемдік одағы) құрамына енді.

Соңғы жаңалықтар