«Ислам әдептері» атты жаңа кітап жарық қөрді

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Таяуда «Ислам әдептері» атты жаңа кітап жарық қөрді. Кітаптың авторы - Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы, «Нұр» Қазақ-Мысыр ислам универсиететінің түлегі, филология ғылымдарының магистрі Сайфуллин Думан Нәдірұлы. Кітапқа Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген. Белгілі дінтанушы, теология ғылымдарының докторы Алау Әділбаев пікір жазған. Аталмыш кітапты қазақ тілінде жазылған әдеп тақырыбын егжей-тегжей түсіндіретін, мұсылманның күнделікті өміріне қатысты әдеп мәселелерін қамтитын бірден-бір ауқымды еңбек деуге болады.

«Ислам әдептері» атты жаңа кітап жарық қөрді

«Дінімізде әдептің орны өте зор екендігі белгілі. Әдеп инабаттылықтың, имандылықтың, адамгершілік пен сыпайылықтың, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді жақсылық қасиеттерді өз ішіне қамтиды. Бұл еңбек әр мұсылманның үйіндегі кітап сөресінен орын алу керек деп ойлаймыз. Жас авторға Алла жолындағы қызметіне табыс тілей отыра, қаламының сиясы кеппей, болашақта да осындай құнды еңбектердің жазылуына себепші болар деген үміттеміз» деп жазады muftiyat.kz.