Ислам банкі қайырымдылық жасағысы келетіндер үшін өз қызметін ұсынып отыр

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Малайзиялық Islamic Bank Affin Bhd қаржы мекемесі жаңа қызмет түрін ұсынады. Банк қайырымдылық істерге қаражат аударғысы келетіндер үшін жинақ шотын ашып отыр. Бұл жайында Bernama агенттігі хабар таратты.

Ислам банкі қайырымдылық жасағысы келетіндер үшін өз қызметін ұсынып отыр

Банк басшылығы хабарлағандай, мұндай шотқа ие болған тұлға игілікті іс үшін ай сайын инвестициядан («мудараба» деп аталатын банк келісім-шарты бойынша) түскен пайдадан белгілі бір үлесін қоса алады.

muslim.kz сайтының жазуынша, аталмыш банктің атқарушы директоры Камарул Ариффин қоғамда мұқтаждарға көмек қолын созудың қажеттілігін түсінген адамдардың қатары артып келе жатқанын айтып отыр. Алайда, олардың құлшынысы тек ниет күйінде қалып қойып отыр.
«Игілікті істің ерте-кеші жоқ деп ойлайтын адамдар ойға алған шаруасын кейінге қалдырады. Я болмаса қайырымдылық ұйымдарына барар жолды білмейді немесе қолдары тимейді. Осыны ескергендіктен әлгіндей шараны қолға алып отырмыз», - деді ол.

Бұл арада клиент қайырымдылық істерге қанша қаражат аударатынын өздері шешеді.