Ислам банктері әлемдік қаржының 15 пайызына ие

Сондай-ақ, ислам банктерінің қызметін мұсылман елдеріндегі бизнесмендер мен компаниялардың 35 пайызы пайдаланады екен. Бұл жайында ағылшындардың Рединг университетінің профессоры Фолькер Ньюхаус al-Arabiya-ға хабарлады, деп жазады muslim.kz.
Сарапшының айтуынша, Еуропаның көптеген елдері өз нарықтарына ислам банктерінің енгенін қаламаса да, еріксіз жол беруге мәжбүр болып отыр.
Бастапқыда еуропалық континентте бір ғана ислами банк мекемесі жұмыс істепті. Кейін ислам қаржысы секторында қаржылық операциялар санының көбейіп, дамуына байланысты көптеген елдердің орталық банктері, атап айтсақ, Ұлыбритания мен АҚШ ислам қаржысына есіктерін ашқан. Мұны да Ньюхаус мырза айтып отыр.
Сарапшы ислам банк мекемесінің Малайзияда қалыптасқанын тілге тиек етті. Үкіметтің қолдауымен айтарлықтай жетістікке жеткен ислам банктері кейін Малайзияның өсіп-өркендеуіне ықпал еткенін де жасырмады.