Ислам банктері қаржы дағдарысы кезінде өз тұрақтылығы мен зор әлеуетін айқын дәлелдеді - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі

АЛМАТЫ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат -  Ислам банктері қаржы дағдарысы кезінде орта есеппен жылына 15-20 пайызға дейін дамыды.

Ислам банктері қаржы дағдарысы кезінде өз тұрақтылығы мен зор әлеуетін айқын дәлелдеді -  ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Исламдық қаржы бойынша халықаралық отырыс: оңтайлы жағдайлар жасау» деп аталатын алқалы жиында айтылды.

«Біз ислам банктерінің қаржы дағдарысы кезінде, яғни 2008-2010 жылдары өз тұрақтылығы мен зор әлеуетін айқын дәделдегенін жақсы білеміз. 2009 жылдың ақпан айында «Исламдық қаржыландыру туралы» заң қабылдағаннан кейінгі 3,5 жылда Қазақстанда да көп жұмыстар жасалды. Үкімет бұл тақырыптағы ұстанымынан еш айныған жоқ. Мемлекеттік үдемелі-индустриялық даму бағдарламасын жүзеге асыру үдерісінде  баламалы инвестициялау факторы ретіндегі», - дейді ҚР Индустрия және жаңа технолоргиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев. Оның айтуынша, соңғы жылдары әлемде исламдық қаржыландырудың маңызы бұрынғыдан да артып, Ислам даму банкі тобының рөлі  өсе түсуде. Ислам даму банкі қатысқан жобалар тәуекел кезінде ешқандай да қауіп төндірмейді.