Ислам Бозбаев «Grand Slam» турнирінен кейін 93-орыннан 15-орынға көтерілді

«Grand Slam» турнирінен кейін IJF рейтингі жаңарған болатын. Онда, 90 келіге дейінгі салмақта алтын жүлдегер атанған Ислам Бозбаев 93-орыннан 15-орынға көтерілді. Сондай-ақ, жарысты бесінші орынмен аяқтаған спортшылар да 360 ұпай қосып, көрсеткіштерін біршама жақсартып алды.
Олар: Қырғызбаев Ғұсман (60 кг/33 орын), Нышанбаева Севара (57 кг/33 орын), Бектасқызы Зере (70 кг/44 орын) және Амангелдиева Альбина (-78 кг/16 орын).
Жаңа рейтингтегі қазақстандықтар:
60 кг
Елдос Сметов - 8 (1767)
Рустам Ибраев - 20 (942)
Ғұсман Қырғызбаев - 33 (550)
66 кг
Азамат Мұқанов - 18 (952)
Жансай Смағұлов - 32 (634)
Жұмаханов Елдос - 35 (610)
73 кг
Дидар Хамза - 34 (594)
Дастан Ықыбаев - 50 (333)
81 кг
Азиз Қалқаманұлы - 50 (429)
90 кг
Ислам Бозбаев - 15 (1160)
-100 кг
Максим Раков - 27 (780)
+100 кг
Ержан Шынкеев - 19 (1091).