Ислам доменін пайдалануын ИЫҰ қадағалайтын болды

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Ислам доменін пайдалануын ИЫҰ қадағалауға алатын болды. Бұл туралы Ислам Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты.

«Ислам және халал секілді жаңа сөздердің қолданылуын мұсылман елдері бірігіп, жоғарғы дәрежеде бірге қадағалауы қажет. Ислам домендері теріс мақсатта қолданылып, халық арасында дау шығармас үшін біз осындай іс-шараны ұйымдастырмақпыз»,- деп мәлімдеді Э.Ихсаноглу.

Оның айтуынша, өкінішке орай, com, org секілді домендердің иемденушісі ретінде танылған Internet Corporation for Assigned Names and Numbers (ICANN) атты бірлестіктен әзірше қолдау табылған жоқ.

30 маусым мен 2 шілде аралығында Джиддада өткен ИЫҰ Ислам экономикасы мен мәдениеті, әлеуметтік мәселе жөніндегі комиссияның 36-шы сессиясында Экмеледдин Ихсаноглу ұйымға мүше елдерді бұл мәселеге сәйкес қарар қабылдауға шақырды. Сонымен қатар, конференцияда ИЫҰ-ның жаңартылған желілік ресурстары ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар