Ислам экстремистері Мүбаракқа 12 рет қастандық жасағандарын мойындады

АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - «Әл-Гамаа әл-Исламия» ислам экстремистік тобы Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарактың өміріне қарсы 12 рет қастандық жасады.

Ислам экстремистері Мүбаракқа 12 рет қастандық жасағандарын мойындады

Қазіргі уақытта топтың Йемендегі өкілі болып табылатын белсенді мүшесі Али аш-Шариф «Ар-Рай аль-Амм» кувейттік басылым беттеріне осындай мәлімдемесімен шықты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Аш-Шарифтің айтуынша, Мүбаракқа қарсы соңғы қастандық 1995 жылы Аддис-Абебте Мысыр президентінің Эфиопияға ресми сапарымен келген кезінде әзірленген.

«Бұрынғы президенттің көзін құрту үшін» фундаменталисшілердің бірнеше себебі болғаны анық, солардың ішіндегі ең негізгісі, аш-Шарифтің пікірінше, египеттік арнайы жасақ қызметкерлерінің тұтқынға түскен топ мүшелерінің әйелдерін соққыға жығып, зорлық көрсетуі. Осындай әрекетімен египеттік басқарушы ислам оппозициясын түп-тамырымен жұлып алмақшы болды, алайда, керісінше, «жеккөрініш пен кек алу» ниетін тудырды. Соның нәтижесінде 90-жылдары фундаменталисшілер «өз тәсілін өзгертіп», билікке саяси күрес арқылы қол жеткізу бағытына түсті.