11:08, 06 Мамыр 2013 | GMT +5
Ислам елдері Израильдің Сирияға шабуылын айыптады
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Египет президенті Мұхаммед Мурси Израильдің жексенбіде Сирия аумағына әуеден соққы бергенін айыптады,

деп хабарлайды «Азаттық».
Мурси мәлімдемесінде Тель-Авивтің шабуылы халықаралық заңнамаларды өрескел бұзатынын және Сириядағы азаматтық соғысты ушықтырып, аймақтың қауіпсіздігіне қатер төндіретінін айтты.
Араб лигасы мен Иран да Израильдің Сирия-Ливан шекарасындағы "Хезболла" ұйымына бара жатқан жүктерді атқылағанын айыптады.
Израиль Сирия аумағына осымен екінші рет соққы беріп отыр. Алғашқы әуе шабуылы өткен аптаның жұмасында жасалған еді.