Ислам Евлоев Азия ойындарында бесінші орын алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Ислам Евлоев Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарын бесінші орынмен аяқтады.

в
Фото: Владислав Семенов

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін өткен белдесуде отандасымыз Иран балуаны Мехди Балихамзехдемен кездесті.

Белдесудің қорытындысы бойынша ирандық спортшы 5:1 есебімен жеңіске жетті. ҚР ҰРК мәліметінше, осылайша, Ислам Евлоев Азия ойындарындағы жарысын бесінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындарына қатысқан спортшылардың бір легі елге оралды.