Ислам Евлоев грек-рим күресінен Азиаданың қола жүлдесі үшін белдеседі

АСТАНА.KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында күрес түрлерінен кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ислам Евлоев  грек-рим күресінен Азиаданың қола жүлдесі үшін белдеседі
Фото: Владислав Семенов

97 келідегі Ислам Евлоев ширек финалда жарыс қожайыны Юри Наказатодан 0:10 есебімен есе жіберді.

Енді ол Астана уақытымен 14:55-те Иран балуаны Мехди Балихамзехдехпен қола жүлдені сарапқа салады.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 77 келідегі Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуінде 2 дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовтан 1:10 есебімен жол берді.

Осыған дейін 1 қазанда өнер көрсететін спортшылардың жарыс кестесін жарияладық.